Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда ең ірі агро сервистік орталық ашылды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов CT AGRO компаниясының ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге арналған жаңа сервистік орталығының ашылу рәсіміне қатысты. Орталық CLAAS және HORSCH маркалы техникаларға қызмет көрсетеді.

Сервисный центр CT AGRO открыли в Петропавловске

Солтүстік Қазақстан облысы — еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі. Өңір шаруашылықтарында осы неміс брендтерінің техникалары кеңінен қолданылады. Петропавл қаласындағы «СТ Эсэмбли» зауыт іске қосылғалы бері жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникасының 2,5 мыңға жуық бірлігі шығарылды.

Сервистік орталықтың ашылуы аграрлық сектордың инфрақұрылымын дамытудағы кезекті қадам болды. Орталықтың аумағы 3 мың шаршы метрге жуық. Мұнда жөндеу шеберханалары мен қоймалар орналасқан. Бұл техникаға қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтіп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтініштеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

— Ауыл шаруашылығы экономикамызда маңызды орын алатын өңір үшін сапалы сервистік қызметтің қолжетімді болуы ерекше маңызға ие. Әсіресе егіс және орақ науқандары кезінде техниканың үздіксіз жұмыс істеуі дала жұмыстарының мерзіміне тікелей әсер етеді. Жаңа орталық аграршыларға қажетті техникалық қолдау алуға және жөндеу мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді, — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Жаңа нысан компанияның өңірдегі бұрынғы сервистік алаңынан он есе үлкен. CT AGRO — Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуші жетекші компаниялардың бірі. Компанияның еліміздің 15 өңірінде филиалы бар.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *