СҚО-да 28 өрт оқиғасы тіркелді
Облыста жылыту маусымы басталғалы 28 өрт тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге аз. Мәселен өткен жылы 56 өрт шығып, салдарынан 8 адам көз жұмған.
СҚО ТЖД мәліметінше, өткел жылы жылыту маусымында облыстың тұрғын үй секторында 214 өрт шығып, салдарынан 31 адам мерт болды. Оның үшеуі — бала, 9 адам жарақат алды. Өрттен келген материалдық шығын 52 млн теңгеден асты. Мамандар қыс мезгіліндегі өрттердің негізгі себептері — пешті орнату және пайдалану талаптарын бұзу, электр жабдықтарын дұрыс орнатпау себеп болуы ықтимал дейді.
Сондай-ақ, мамандар өрттің шығуына жол бермеу үшін әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға айрықша көңіл бөледі. Бүгіндері облыста осындай 5 357 үй есепке алынған. Онда 19 589 адам тұрады, оның 10 857-сі – бала. Бұл үйлердің бірқатарына тегін иіс газы датчиктері орнатылды.

