Жарияланған күні: 24.11.2026
Петропавлда полицейлер жалған мемлекеттік нөмірлері бар BMW-ні тоқтатты
Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар BMW автокөлігін жүргізу фактісін қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері анықтаған.
Интернациональная көшесінде полицейлер тексеру үшін автокөлікті тоқтатты. Рульде 23 жастағы ер адам болған. Жалған мемлекеттік нөмірлерді орнату және пайдалану фактілері бойынша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті мұндай бұзушылықтар қолданыстағы заңнамада 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын еске салды. Сондай-ақ бір жылға көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыра отырып, 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу.
— «Заң және Тәртіп» қағидасы баршаға бірдей қолданылады, — деп атап өтті полиция ведомствосында.

