Облыста 443 интернет-алаяқтық фактісі анықталды
СҚО-да 10 айдың ішінде 443 интернет-алаяқтық дерегі тіркеліп, оның 302-сі аурухана, ұялы байланыс операторлары, коммуналдық қызметтер және басқа да ұйымдардың атынан жасалған жалған қоңыраулар екен.
СҚО ПД хабарлауынша, алаяқтар телефон шалып, SMS арқылы келген кодты айтуды сұрайды. Кейін өзін банк немесе құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырған басқа адам қоңырау шалып, әлгі код арқылы біреулердің оның атына несие рәсімдеп жатқанын айтады. Қаражатты қорғау үшін екінші несие рәсімдеп, ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудару қажеттігін жеткізеді.
Сондай-ақ интернеттегі жалған хабарландырулар. Алаяқтар тауарлар мен қызметтерді нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан ұсынады. Сатып алушыны қызықтырып, алдын ала төлем жасауды талап етеді. Ақша аударылғаннан кейін сатушы байланысты үзеді.
Алаяқтар құйтырқы әрекеттерін танымал интернет-дүкендердің жалған сайттары арқылы жасайды. Бұған қоса, қылмыскерлер таныстардың атынан ақша сұрау. Мессенджерлерде алаяқтар аккаунтты бұзып, оның атынан шұғыл түрде ақша аударуды өтінеді. Сондықтан ақша жібермес бұрын сол адамға телефон соғып, өтініштің рас-өтірігін анықтаған жөн.
Азаматтарға биржада сауда жасау, инвестиция салу арқылы аз уақыт ішінде мол табыс табуға уәде беріледі. Жыл басынан бері өңірде осындай 22 дерек тіркелген. Саны жағынан соңғы орында тұрғанымен, келтірілетін шығын көлемі өте үлкен. Кейбір жағдайда азаматтар ондаған миллион теңгесінен айырылған.

