Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтті

Өткен жексенбі күні ел көлемінде Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтілді. Осыған орай, Президент облыстың диқанына медаль табыстады. Ал бүгін өңір деңгейінде кәсіби мереке кең көлемде аталды. 

Салтанатты жиында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кәсіби мейрам иелерін құттықтап, бірқатарына лайықты марапаттарды табыстады.

Шарада 70-тен астам азаматтың еңбегі жоғары бағаланды. Біріне «Еңбек ардагері» медалі, енді басқасына «Еңбек даңқы» ордені табысталды. 

Жиын барысында мейрам иелеріне концерт ұсынылып, өңірдің үздік өнер ұжымдары ән-шашудан шашу шашты. Сондай-ақ, Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Нұрлан Абдуллин ән шырқады.

Айта кету керек, облыста 3800-ге жуық серіктестік егін және мал шаруашылығымен айналысады. Биыл мемлекет тарапынан агроқұрылымдарға 220 млрд теңгеден астам жеңілдетілген несие бөлінген. 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *