Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Еліміздің бас қаласында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 700 тоннадан астам азық-түлік саудаланды

Елордада Солтүстік Қазақстан облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда өңірден азық-түлік тауарларының 700 тоннасы саудаланды, деп  хабарлайды тілшіміз.

Жәрмеңке Астана қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Қазақ ұлттық өнер университеті ғимаратының алдында өтті. Сауда-саттық өткізілген алаңда астаналықтар мен қала қонақтары қажетті ауыл шаруашылығы тауарларын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін сатып ала алды. Биыл бұл шараға 110 кәсіпорын сапалы және экологиялық таза өнімдерді ұсынды.

«Мен май алу үшін кезекте тұрмын. Солтүстіктің майы өте дәмді. Жиі алып тұрамын. Жәрмеңкеде бәрі арзан.Сондықтан кезек те үлкен», «Еттің жақсысын сатып алуға болады. Бал, ірімшік алуға болады. Петропавлдың еті жақсы», « Жәрмеңкеде табиғи өнім алуға болады. Бүгін де сауда жасадым. Солтүстіктің тауар өндірушілерінен ұн мен картоп алдым. Бағасы арзан болды» -дейді жәрмеңкеге келген астаналықтар.

СҚО ауыл шаруалығы және жер қатынастары басқармасының ақпаратынша, жәрмеңкеге барлығы 733 тонна өнім ұсынылды, оның ішінде:
— Картоп пен көкөніс – 495 тонна.
— Барлық түрдегі ет– 100,7 тонна;
— Сүт және сүт өнімдері – 33 тонна;
— Ұн – 70 тонна;
— Макарон және кондитерлік өнімдер – 10 тонна;
— Бал және ара шаруашылығы өнімдері – 10,5 тонна;
— Тауық жұмыртқасы – 120 мың дана;
— Балық – 5 тонна;
— Жарма–2 тонна.

Ауыл шаруашылығы өнімдері дүкендердегі бағадан 15-20% арзан саудаланды.
Ет өнімдерінің орташа бағасы: сиыр еті – 2200 тг/кг, жылқы еті – 2500 тг/кг, қазы, жая – 3000 тг/кг, тауық – 1100 тг/кг, үйрек – 2300 тг/кг.
Азық-түлік өнімдері: ассортименттегі бал – 2000 тг/л, ұн 1 сорт – 220 тг/л, тауық жұмыртқасы–400 тг.
Сүт өнімдері: сүт 2,5% – 350 тг, үйдегі қаймақ – 1850 тг, сүзбе – 950 тг, ассортименттегі ірімшіктер – 2200-3400 тг, үй сары майы – 4000 тг.
Көкөніс өнімдері: картоп–100 тг, қырыққабат – 120 тг, сәбіз – 110 тг, пияз – 100 тг.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *