Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Су тасқынынан зардап шеккендерге 500 үй салынады

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су басқан Былғары кенті, Ойқала және Тепличное ауылында болып, тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Халыққа баспана алу және жөндеу жүргізу ережелері бойынша түсініктемелер берілді.

Қазір бұл аудандарда тазалау жұмыстары басталып кетті. Бүгіннен Былғары кенті мен Ойқалаға қалпына келтіру және жөндеу жүргізу үшін мехникалық бригадалары мен техникасы бар бекітілген аудандар келе бастайды.

Сондай-ақ өңір басшысы «Солнечный-2» ықшам ауданындағы зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысын бақылады. Жергілікті 10 құрылыс компаниясы «Қазақстан халқына» қорының қаражатына 100 тұрғын үй салуда. Сондай-ақ «Kaspi» 300 үйді салуды, «Kazakhmys» корпорациясы 100 үй тұрғызуды жоспарлап отыр.

— Жаңа шағын ауданда тасқыннан зардап шеккендерге барлығы 500 үй салынады. Жұмыс көлемі ауқымды, адамдар баспанаға ие болуы үшін құрылысты суық түскенше дейін аяқтау қажет, — деп жазды облыс әкімі.

Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар саны 500-ден асады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *