Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін Марат Жұмалиев атқарады.
Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің бұйрығымен Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін Марат Жұмалиев атқаратын болды. Бұл турадлы СҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.
42 жастағы Марат Ахметжанұлы Жұмалиев Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2005 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Алғашында Петропавл қ. ІІБ 2 полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі болған. Кейін түрлі лауазымдарда, оның ішінде қалалық полиция басқармасы мен СҚО полиция департаментіндегі криминалдық полиция бөлімшелерінде басшылық қызметте болды. Осыған дейін СҚО ПД криминалдық полиция басқармасына жетекшілік етті.
Қалалық ПБ жетекшісін таныстырған СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов жаңа басшыға сәттілік тілеп, бірқатар міндетер жүктеді.
Ал Қалалық полиция ведомствосының бұрынғы басшысы Ербол Тайбеков Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды.