Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Ұлттық ұлан академиясында Тәжікстанның Тәуелсіздік күнін атап өтілді

Бүгін ҚР Ұлттық ұланының академиясында Тәжікстан Республикасының Тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

9 қыркүйекте тәжік халқы ұлттық мереке — Тәжікстан Республикасының Тәуелсіздік күнін кеңінен атап өтеді. Ол «мереке күндері туралы» республикалық заңмен 1998 жылғы 22 мамырдағы редакцияда белгіленген.

1990 жылы 24 тамызда Тәжік КСР Жоғарғы Кеңесінің екінші сессиясында «Тәжік КСР егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Бірақ бұл егемендік Кеңес Одағының құрамында жарияланды. Осыған қарамастан, Декларация Тәжікстанның нақты тәуелсіздігіне жол ашқан алғашқы құжат болды. 1980 жылдардың аяғында Кеңес Одағы республикаларында «мемлекеттік егемендіктерді» жариялау процесінің басталуына байланысты Тәжік КСР де тәуелсіздік жариялады.

Бүгін Тәжікстан қоғамның түрлі салаларында ауқымды реформаларды табысты жүзеге асыратын қазіргі заманғы, әрекетке қабілетті мемлекетке айналды.

Айта кетейік, 2009 жылдың қыркүйегінен бастап үкіметаралық шарттарға сәйкес Ұлттық ұлан академиясының базасында жыл сайын Тәжікстан Республикасының өкілдері әскери мамандықты өтеусіз негізде игереді. Осы кезеңде ел үшін 100-ге жуық офицер дайындалды, олардың бірі академияны үздік бітірді.

Дәстүрлі түрде іс-шара Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Осыдан кейін Ұлттық ұлан академиясының бастығы полковник Артур Тоқышев курсанттарға құттықтау сөз сөйледі.

— «Қазақ және тәжік халықтары арасындағы достық мыңдаған жылдар бойы нығайып келеді, ал бүгінгі біздің парызымыз — біздің шынайы достық қарым-қатынасымыз болашақ ұрпақ үшін үлгі болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау.

Мемлекет пен әскер қолбасшылығы Сіздерге үлкен үміт артты. Осы сенімді ақтауға лайықты болыңыз және курсанттың мақтаныш атын абыроймен алып жүріңіздер! Сіздерді Тәжікстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық және үздік оқу тілеймін», — деді Артур Қалиақпарұлы.

Сондай-ақ, іс-шара барысында әскери қызмет міндеттерін адал және мұқият орындағаны үшін, сондай-ақ Тәуелсіздіктің 32 жылдығын мерекелеу құрметіне академия қабырғасында білім алып жатқан Тәжікстан Республикасынан келген курсанттар көтермеленді.

Іс-шара жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *