Жарияланған күні: 10.10.2023
СҚО-да Қазақстан драма театрларының 29-шы республикалық фестивалі басталды

Петропавлда қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының 29-шы республикалық фестивалі басталды,деп хабарлайды тілшіміз.

Аталған шараға сарапшылар кеңесінің шешімімен іріктеуден өткен 10 театр қатысады. Қойылымдарды белгілі театр сыншыларынан құралған қазылар алқасы бағалайды.
Фестиваль бағдарламасы бойынша қойылымдар 9-15 қазан күндері аралығында С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театры мен Н.Погодин атындағы орыс драма театрының сахналарында өтеді.

Фестивальдің ашылу салтанатына орай Петропавлға ҚР Халық әртісі, театр мен кино өнерінің тау тұлғасы, режиссер – Асанәлі Әшімов те келді. Фестиваль аясында қойылымдарға кіру тегін болады

