Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Сот блогерлерді ақтады

Петропавлда кәсіпкерден ақша бопсалады деп айыпталған блогерлер ақталып шықты. Іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қаралды.

Сот процесі барысында Роберт Подласов пен Сергей Сайконың бірнеше жыл бұрын «YouTube» каналында және «Instagram» әлеуметтік желісінде аккаунт ашып, қаладағы супермаркеттерде рейдтер ұйымдастырғаны белгілі болды. Олар бүлінген тауарларды жариялап, тұтынушылардың құқығын қорғамақ болған. «Содан кейін блогерлер «Таткрафт-Инвест» ЖШС-ның директоры Андрей Исаковпен кездесіп, осындай жазбаларды жарияламау үшін одан ақша талап еткен. Сөйтіп, олар кәсіпкерден ай сайын 200 мың теңге көлемінде қаржы алып отырған», – деді мемлекеттік айыптаушы сот процессі барысында.

Дәл осындай жолмен Роберт Подласов пен Сергей Сайко «Magnum Cash & Carry» сауда желісінің өңірлік басшылығынан 50 миллион теңге бопсалапты-мыс. Бизнесмен бұл туралы полицияға хабарлаған деп көрсетілген сот материалдарында.

Аталған істің нүктесі қойылды.

«Роберт Подласов пен Сергей Сайконың кінәсі делелденген жоқ. Олардың үстінен қозғалған барлық айып алынып, Сайко мен Подласов сот залынан босатылсын», – деді судья Дастан Исмаилов.

Жеті айда — 660, екі күнде — 18 мас жүргізуші ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *