СҚО-да 100-ден астам адамды кене шаққан
СҚО санитарилық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына, сәуір кене шаққан туралы 138 адам дәрігерге жүгінген. Зардап шеккендердің 45-сі кәмелеттік жасқа толмағандар екен.

Мамандардың сөзінше кенелердің белсенділік танытатын кезеңі қазан айына дейін жалғасады. Бұл жәндіктер кене энцефалиті, кене сүзегі, кене боррелиозы (Лайм ауруы), геморрагиялық қызба және т.б. сияқты көптеген жұқпалы аурудың қоздырғыштары ретінде қауіпті. Ең қауіптілерінің бірі – кене вирустық энцефалиті. Кене энцефалиті – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жіті инфекциялық ауру. Аурудың салдарынан адам мүгедек болып қалуы немесе тіл тартпай кетуі мүмкін. Десе де профилактикалық шаралардан өту маңызды. Мемлекеттік тапсырыс аясында сәуір айында Айыртау ауданының Айыртау және Лобаново ауылдарында кенеге қарсы дезинсекциялық іс-шаралар өткізілген, сондай-ақ осы жылдың қыркүйегінде қайта өткізу жоспарланған.
Петропавлда да кенемен ғана емес, масамен де күрес басталып кетті. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 600 га аумақта дезинсекция жүргізіледі.
– Облыс орталығында ауа райына байланысты мердігер жұмысты бастады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған препараттармен дезинсекция жүргізіліп жатыр. Аумақты өңдеу үшін механикалық бүріккіштер қолданылады, бұл өңделетін аумақтарда препараттардың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Жұмыстар адамдардың көп шоғырланатын орындарында, яғни, қаланың саябақтары мен алаңдарында, орталық көшелерде жүргізіледі. Дезинсекция түнгі уақытта, көшеде адамдар саны аз болған кезде жүргізіледі, — деді бөлімнің баспасөз хатшысы Бердімұрат Баймұқан.
Тылеңбеккерлеріне мерейтойлық медальдар табысталды

