Жарияланған күні: 13.08.2025
Петропавлда баланың аяғы ойыншыққа қыстырылып қалды
Жақында Петропавл қаласының тұрғыны 112 қызметіне қоңырау шалып, балаға көмекке келулері қажеттігін алға тартқан. Белгілі болғандай, бүлдіршіннің аяғы ойыншық арасына қыстырылып қалды.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, шақырту Бостандық көшесіндегі үйлердің бірінен түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, баланың аяғы ойыншықтың арасында қыстырылып қалғанын байқады. Оның ата-аналары өздігінен ұлдарына көмектесе алмады. Осылайша құтқару қызметіне жүгінуді жөн санаған.
Құтқарушылар балаға көмектесіп, ешбір жарақатсыз аяғын босатты. Айта кету керек, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқыс оқиға кезінде 112 қызметіне хабарласу қажеттігін ескертеді.
СҚО тұрғынын бұқа сүзіп, қабырғаларын сындырған

