СҚО-да заңсыз вейпті сатудың бірнеше фактісі анықталды
СҚО-да биыл өңірде жеті айда вейп сатуға қатысты 7 қылмыстық іс қозғалды. Мұндай фактінің бірі Петропавлда тіркелді. Қала тұрғыны әлеуметтік желіде вейп сататыны туралы хабарландыру берген. Сот ер адамды 50 АЕК мөлшерінде, 200 мың теңге шамасында айыппұл төлеуге міндеттеді.

Маманның айтуынша, қоғамда вейпті темекінің қауіпсіз баламасы ретінде қабылдайтын қате ұғым қалыптасқан. Ол әсіресе жастар мен жасөспірімдер арасында сұранысқа ие. Осыған байланысты 2024 жылдан бастап ел бойынша вейптер мен олардың құрамдас бөліктерін өндіруге, әкелуге, сатуға және таратуға тыйым салынды.
— Қылмыстық жауапкершілік көзделген. ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабы бойынша 200 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Қылмыс қайталанған немесе ауыр жағдайда — мүлкін тәркілеумен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген, — дейді Максим Доровик.
СҚО прокурорының көмекшісі Марат Қазиевтің мәліметінше, 2025 жылғы 16 шілдеде қабылданған заңға сәйкес, енді сату немесе тарату мақсатында сақтау, жөнелту және тасымалдау фактілері үшін қылмыстық жауапкершілік бар. Бұл заң күшіне 60 күннен кейін енеді.
Петропавлда алаяқтық мәселесіне қатысты семинар өтті

