Жарияланған күні: 26.10.2025
Облыс және қала басшылығы қысқы маусымға дайындықты пысықтады
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов коммуналдық және жол қызметтерінің, энергетикалық және авариялық-құтқару бөлімшелерінің алдағы қысқа дайындығын тексерді.

Жалпы ағымдағы кезеңде облыс бойынша:
• 232 жылыту пункті қарастырылған;
• 999 арнайы техника және 1 863 қызметкер жұмылдырылады;
• қажетті отын, реагенттер мен инертті материалдардың қоры қалыптастырылған;
• жылыту жүйелері мен арнайы техниканың жарамдылығы толық қамтамасыз етілген.
— Басты міндетіміз — халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қысқы кезеңде барлық салалардың тұрақты қызметін ұйымдастыру болып табылады. Бұл ретте жауаптыларға бірқатар тапсырмалар бердім,- атап өтті өңір басшысы.

