Жарияланған күні: 26.10.2025
Қала әкімі петропавлдықтарды Республика күнімен құттықтады
Қала кәмі Серік Мұхамедиев Петропавл өміріне араласып, белсенділігімен түскен азаматтарды марапаттады.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қаланың дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар назарсыз қалмады. Серік Мұхамедиев жыл бойы көзге түскендерге алғыс білдіріп, жылы лебізін жеткізді.
Марапатталғандардың арасында түрлі сала қызметкерлері бар. Салтанатты шара барысында қала әкімі олардың еңбегін бағалап, бірқатарына Алғыс хаттар табыстады.
Өз сөзінде қала әкімі Петропавлдың гүлденуіне үлес қосып, қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүргендерді шын жүректен құттықтады.

