Облыс орталығында кикбоксингтен жарыс өтіп жатыр
Петропавлда кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған 25-і турнир өтуде. Жарысқа республиканың түкпір-түкпірінен спортшылар қатысып жатыр.
— Бұл турнирге республикамыздың 11 өңірінен келген 100-ге жуық спортшы қатысады. Сайыста облыс намысын 30-ға жуық солтүстікқазақстандық қорғайды. Шаршы алаң шеберлері 2 санатта 12 салмақ дәрежесі бойынша сыңға түседі. Азамат Нұрпейісов – кезінде атой салған бауырымыз. Оның құрметіне арналған турнирді жылда ұйымдастырамыз. Беделі жылдан-жылға артып келеді, — СҚО-ның кикбоксингтен аға жаттықтырушы Әділ Нұржауыпов.
Кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шеберін еске алуға арналған ХХV турнир сенбі күні мәресіне жетеді. Тартысқа толы кездесулерді Камиль Сафин атындағы бокс мектебіне барып, тамашалауға болады.

