Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда оңалту орталығы ашылады

Петропавлда ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылады. Айта кеткен жөн, өңірде қиын диагнозбен жүздеген бала тіркеуде тұр.


Қазіргі таңда ата-аналар ұл-қыздарын басқа қалаларға апаруға мәжбүр. Бұл шығынды көбейтіп, сапалы ем алуға мүмкіндік бермейтіні сөзсіз. Келер жылы өзекті мәселе өз шешімін табады. Ауқымды қайта қалыпқа келтіру жұмыстарымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты.

— Ерекше балалар басты назарда болуы тиіс. Құрылыс жұмыстарын үнемі бақылауда ұстау қажет. Сапасына мән беріңіздер. Біз өз тарапымыздан қолдан келген көмекті аямаймыз. Қажет болса қосымша қаржы бөлеміз, — деді СҚО әкімі.

Мұндағы қайта жаңғырту жұмыстары биылғы мамыр айында басталды. Жоба құны – 770 млн теңге. Орталық күніне 50 баланы қабылдауға қауқарлы. Емдеу мекемесінде ұл-қыздарға арналған 30 оқу кабинеті мен 3 ойын бөлмесі болмақ.

Жоспар бойынша орталық 2026 жылдың қазанында ашылуы тиіс. Облыс әкімі мердігерге маңызды жұмыстарды тамыз айында аяқтауды тапсырды.

Орталықтың жалпы аумағы 5 мың 500 шаршы метрді құрайды. Сыртына футбол және ойын алаңын салу жоспарда бар.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *