Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Футбол: «Қызылжар» клубы ширек финалға өтті

Бүгін Қазақстан кубогының 1/8 финал ойындары өтті. Жергілікті «Қызылжар» командасы Павлодарда «Ертіс» клубымен ойнады. Тартысты матч жерлестеріміздің пайдасына шешілді.

Ел біріншілігінде биыл «Қызылжар» командасы «Ертіспен» кездескен болатын. Сол ойында жерлестеріміз павлодарлықтармен тең тарқасқан еді. Осы жолғы матч Қазақстан кубогы аясында өтті. 

Екі команда да ширек финалға өту үшін барын салды. Алғашқы минуттардан бастап, қызылжарлықтар қарасылас қақпасына гол салуға ұмтылды. Нәтижесінде 5-ші минутта Демият Сламбеков есеп ашты. Көп ұзамай алаң иелері таразы басын теңестірді. 

Екінші таймда «Қызылжар» аяқдопшылары шабуылдарын үдете түсті. Ойынның бір сағаты өткен соң, жерлестеріміз алға шықты. Қорытынды есеп 1:2, жеңіс «Қызылжарға» бұйырды. 

Енді жерлестеріміз Қазақстан кубогының ширек финалында елордалық «Жеңіспен» күш сынасады. 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *