Жарияланған күні: 29.04.2026
Петропавлда 32 көшенің жолы жөнделеді
СҚО аумағында жол жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бұл шаруа Петропавлда да жүргізілуде.

Қала әкімдігінің мәліметінше, биыл облыс орталығының 32 көшесінің жолы ретке келтіріледі. Бүгіндері бұл жұмыстар басталып кетті. Аумағы 26 шақырымнан асатын 29 топырақ жолды асфальтталса, 22 шақырымы маршруттық тәсілмен жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Бұған қоса, шамамен 40 мың шаршы метр аумақта шұңқырларды жамау жұмыстары қолға алынбақ.

