Жарияланған күні: 29.04.2026
СҚО прокуратурасында жол-көлік оқиғалары мәселесі қаралды
Соңғы он жылда өңірде жол-көлік оқиғаларының саны 227-ден 593-ке дейін, зардап шеккендердің саны 329-дан 840 адамға дейін өскен. Биыл 3 айындың ішінде 100 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 15 адам, оның ішінде 3 кәмелетке толмаған бала қаза тауып, 17 баланы қоса алғанда 131 адам дене жарақатын алған.
Облыс прокуратурасы жүргізген талдау аясында есепке алу тіркеуінен жасырылған жол-көлік оқиғаларын, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істердің заңсыз тоқтатылуын, жүргізушілерді жол жүрісі қағидалары бойынша білімін қайта тапсыруға жіберу туралы қаулылардың шығарылмауын, жол нұсқамаларының орындалмауын, автомобиль жолдарын сапасыз жөндеу мен күтіп ұстауды, автомектептерде қажетті оқу-материалдық базаның болмауын, сондай-ақ уәкілетті органдардың медициналық көрсеткіштер бойынша көлік құралдарын басқару құқығына қарсы көрсетілімі бар адамдарды осы құқығынан айыру бойынша шаралар қолданбауын анықтады.

Облыс прокуроры жолаушыларды тиісті сақтандырумен қамтамасыз етпей заңсыз жолаушылар тасымалын жүзеге асыру мәселелеріне, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 53-бабы тәртібімен жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру бойынша емтихандар қабылдауды ұйымдастыру проблемаларына назар аударды.
Жол-көлік оқиғаларының жүйелі профилактикасы үшін жауапты мемлекеттік органдарға өңір жолдарындағы апаттылықты төмендету бойынша ұзақ мерзімді өңірлік бағдарлама әзірлеу және аудан әкімдері мен Петропавл қаласы әкімінің дербес жауапкершілігін арттыру ұсынылды.
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында жол тәртібін арттыруға және апаттылықты төмендетуге бағытталған іс-шаралар тізбесін кеңейту және енгізу ұсынылды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» принципіне ерекше назар аударылды.

