Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО 73 мемлекеттік қызметшінің құқығы бұзылды

Жыл басталғалы СҚО мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінің ақпаратынша, биыл өңірде 73 мемлекеттік қызметшінің құқығы бұзылған. Жауапкершілік жүгін арқалаған жандар бейінді департаментке түйткілдер жайлы «Е-өтініш» порталы арқылы жеткізіпті.

Анықталған бұзушылықтар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, облыстағы аудан әкімдерінің бірі ауылдық округ әкімдерін жұмыс орында сағат 8.00-де болуды міндеттеген.

-Аудан әкімдерінің бірі ауылдыө округ әкімдеріне күн сайын сағат 8:00-ден 8.30-ға дейін жұмыс орнынан ағымдағы жағдай туралы туралы тікелей баяндауды тапсырған. Жүргізілген тексеру нәтижесінде бұл мәліметтер расталып, қызметшілерге белгіленген жұмыс уақытынан тыс атқарылған еңбектері өтелді, -деді  департаменттің бас маманы Дархан Ермеков.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *