Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ның Қарағандысына су жетті

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Қарағанды ауылының тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізді. Сумен қамту жүйесінің құрылысы бірнеше рет кейінге шегеріліп, мәселе ауыл тұрғындарының негізгі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерінің біріне айналған болатын. Алты жыл бойы ауыл тұрғындарын алаңдатқан су мәселесі 5 қазанда шешімін тауып, елді мекенге су қайта берілді.

Қарағанды ауылындағы тарату желілері мен су құбыры нысандары алаңын салу жобасының жалпы құны шамамен 528 млн теңгені құрайды. Жоба бойынша ауыл ішінде 18,1 шақырым су құбыры желісін тарту және 255 су құдығын салу көзделген. Қазіргі уақытта су сорғы станциясының құрылысы аяқталып, қажетті сорғы жабдықтары орнатылған. Сонымен қатар әрқайсысының сыйымдылығы 200 текше метр болатын екі су резервуары салынып, нысан электрмен жабдықталған.

Алайда жобаның іске асырылуы белгіленген мерзімнен ұзаққа созылды. Құрылыс барысында мердігер ұйыммен сот даулары туындап, бұл нысанды толық аяқтау мерзімінің кейінге шегерілуіне себеп болды. Нәтижесінде ауыл тұрғындары су жүйесінің қашан іске қосылатынын ұзақ уақыт күтті.

Мәселені жедел шешу мақсатында қыркүйек айында Қарағанды ауылының тұрғындары «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауына ұжымдық өтінішпен жүгінді. Тұрғындар су берудің нақты мерзімін белгілеуге ықпал етуді сұрады. Өтініш аудан басшылығы және жауапты ұйымдардың өкілдерімен талқыланып, нәтижесінде ауылды сумен қамтуды қалпына келтіру мерзімі 5 қазан деп белгіленді.

Мамандар ескі және жаңа су құбырларын біріктіріп, жүйені іске қосуға дайындады. Одан кейін су құбыры желілері шаюдан өткізілді. 5 қазанда Қарағанды ауылына су берілді. Сол күні жұмыс тобының өкілдері ауылға барып, тұрғындармен бірге қабылданған шешімдердің орындалуын тексерді.

— Біз үшін тұрғындардың өтініші кабинеттегі талқылаумен ғана шектеліп қалмауы маңызды. Тұрғындармен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге нақты қадамдар мен мерзімді белгіледік. 5 қазанда ауылға қайта келіп, нәтижесін сол жерде тексеруге келістік. Су берілді, бірақ жұмыс мұнымен аяқталмайды – жобаны толық тындыру қажет, – деді «Әділет» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Қалия Төренова.

Сонымен бірге ауылдағы құрылыс жұмыстары әлі толық аяқталған жоқ. Жоба бойынша қарастырылған 18,1 шақырым су құбыры желісінің 16,7 шақырымы тартылған. Ал жоспарланған 255 су құдығының 174-і салынды. Қалған құрылыс жұмыстары толық аяқталғанға дейін мәселе «Әділет» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бақылауында болады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *