Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да қылмыс саны азайды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде тоғыз айдың қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Кеңес басталар алдында жедел бөлімшелердің қызметкерлері қызмет нәтижелері үшін ҚР Ішкі істер министрлігі мен СҚО полиция департаментінің бұйрықтарымен марапатталды.

Жиында белгілі болғандай, құқық бұзушылықтардың жалпы саны 18,5%, ауыр және аса ауыр қылмыстар 3,3% азайды. СҚО ПД бастығы Руслан Назаров қылмыстың алдын алуға басымдық беруге шақырды. Алдын ала әрекет ету, ауыр зардаптарға жол бермей тұрып мәселелерді шешу – заманауи полиция жұмысының негізгі қағидаттарының бірі.

СҚО ПД бастығының орынбасары Марат Жұмалиев өз баяндамасында профилактикалық есепте тұрған адамдармен жұмысты күшейтудің маңызын атап өтті. Профилактикалық есепте 1 397 адам тұр. Олардың 283-іне заңда белгіленген шектеулер қойылған. Оның ішінде 158 адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар болса, 125 адам әкімшілік қадағалаудағы тұлғалар болып табылады. Аталған санаттағы тұлғалар тарапынан қайталама қылмыстардың алдын алу үшін оларды тұрақты бақылауда ұстау, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және қоғам өкілдерімен бірлескен жұмысты күшейту қажет.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға да ерекше назар аударылды. Жасырын патрульдеу белсенді қолданылатын Тайынша ауданында жол-көлік оқиғаларының саны екі есе азайды.

Жалпы облыс бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп, қосымша 50 аппараттық-бағдарламалық кешен және құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін 8 мобильді кешен іске қосылды. Олардың екеуі жасырын патрульдеу режимінде жұмыс істейді. Сондай-ақ Руслан Назаров жеке құрамға ҚР ІІМ алқасында айтылған талаптарды жеткізіп, қызметкерлерді жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында жұмысты сапалы жүргізуге және профилактика туралы заң талаптарын қатаң сақтауға бағыттады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *