Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

2027 жылы Петропавлдың 25 ауласы абаттандырылады

Петропавлда келесі жылы 25 ауланы абаттандыру жоспарлануда.

Қала әкімдігінде қала активінің отырысы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауын іске асыру барысы қаралды.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Қала әкімінің орынбасары Сергей Мелехов биыл қалдықтарды заңсыз жинайтын 147 орын жойылғанын хабарлады. Тұрақты негізде көшелерді санитарлық тазалау, қоғамдық кеңістіктерді жинау, қоқыс шығару ұйымдастырылады. Сондай-ақ, шөп пен қамысты шабу, саябақтар мен гүлбақтарды күтіп ұстау.

Биыл көктемгі және күзгі науқандар аясында қалада 3 643 ағаш пен бұта отырғызылды. Қосымша 2 мың қума метр қоршау жасалды.

— 2027 жылы «Халықтық қатысу бюджеті» бағдарламасы аясында 25 ауланы абаттандыру жоспарланған. Үшінші кезең аясында Қазақстан Конституциясы көшесін қайта жаңарту және экопарк аумағын абаттандыру жалғасады, — деп хабарлады С.Мелехов.

Ол Президент Жолдауын іске асыру — ең алдымен, халықтың жайлы және қауіпсіз өмір сүру жағдайын жасауға бағытталған практикалық жұмыс екенін қосты.

— Біздің міндетіміз — қалалық ортаны нақты жақсартуды қамтамасыз ету. Сапалы тұрғын үйді енгізу, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, коммуналдық желілерді жаңғырту, жолдарды жөндеу және қоғамдық кеңістікті абаттандыру. Мемлекеттік органдардың, мердігерлік ұйымдардың үйлесімді жұмысы кезінде ғана біз алға қойылған міндеттердің орындалуын және Петропавлдың тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз, — деп атап өтті С.Мелехов.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *