Жерлестеріміз»Халықтың сүйіктісі» премиясына үміткерлердің қатарында
Петропавлдық Sensitive би театры мен паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының XVI маусымының лауреаттары деп мерзімінен бұрын танылды.
Халық дауыс беруінің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Sensitive театры «Жылдың мәдени жобасы» номинациясында 85% дауыс алды. Естімейтін әртістердің инклюзивті ұжымы биыл «Ботай» этнопластикалық спектаклін ұсынды.
Ербол Хамитов 79% дауыс жинап, «Жылдың параспортшысы» номинациясында лауреат атанды. 2026 жылы Италияда өткен қысқы Паралимпиада ойындарында спортшы парабиатлоннан алтын және шаңғы жарысынан қола медаль жеңіп алды.
Қазылар алқасы жүлде туралы ережеге сәйкес жерлестерімізге мерзімінен бұрын награда беруге мүмкіндік берді. Бұл — өңір мақтанатын солтүстікқазақстандықтардың таланты, еңбегі мен жетістіктерін мойындау.

