Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Тимирязев ауданында республикалық маңыздағы жол жаңартылды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Тимирязев ауданына барды. Сапар барысында жол және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, сондай-ақ заманауи технологияларды енгізу және тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер жасау мәселелеріне назар аударылды.

СҚО әкімдігінің мәліметінше, «Волошинка – Сергеевка – Тимирязево» республикалық маңызы бар автожолының 45 шақырымында орташа жөндеу жұмыстарының аяқталды. Екі жылға жоспарланған жоба 11 айда жүзеге асырылды. Аудан тұрғындары бұл жолдың жөнделуін 30 жыл бойы күткен. Автомобиль жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясындағы өңірлік дамудың басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Ақжан ауылында «Райт АА» ЖШС аудандағы алғашқы тауарлы-сүт фермасын салды. Мемлекеттік қолдаудың жеңілдетілген бағдарламалары аясында шаруашылық голштин тұқымды 400 бас ірі қара мал сатып алды. Нысанды іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Жобаның жүзеге асырылуы аудандағы мал шаруашылығын дамытуға жаңа серпін береді. Сонымен қатар Дмитриевка, Степное және Ақжан ауылдары үшін ветеринариялық пункттер сатып алынды.

Сапар барысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелері де қаралды. Аудандық аурухана мен ауысымына 150 келушіге арналған емханада 2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстары жалғасуда. «Қазақстан халқына» қоры мен Білім берудің тұрақты даму қорының қолдауымен Ақсуат, Докучаев, Москворецк мектептері мен Тимирязев мектеп-гимназиясында заманауи оқу кабинеттері жабдықталды. Олар жасанды интеллект элементтері бар құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Тимирязево ауылындағы аудандық IT-орталық ауыл жастарына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Оның базасында облыстағы екінші цифрлық музей құрылды. Мұндай жобалар цифрлық дағдыларды дамытуға, заманауи технологиялармен танысуға және жас ұрпақтың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Жұмыс сапары аясында еңбек ардагері Ольга Скобамен, «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылармен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және аудан тұрғындарымен кездесулер өтті. Кездесулер барысында ауылдық елді мекендерді дамыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және инфрақұрылымды одан әрі жақсарту мәселелері талқыланды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *