Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жерлестерімізді ауыл шаруашылығы күнімен құттақтады. Өңір басшысы аймақтағы аграрлы саласының дамуы туралы сөз қозғап, жылы лебізін білдірді.

СҚО әкімдігінің мәліметінше, биыл облыс диқандары 4,9 млн тонна астық жинап, әр гектардан орта есеппен 17 центнерден өнім алды. Бұл – еліміздің астықты өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 697,1 млрд теңгені құрады. Салаға 170,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Екі жылда 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

— Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі жұмыскерлері күнімен құттықтаймын! Агроөнеркәсіп кешені – Солтүстік Қазақстан облысы экономикасының негізі, ал оның басты байлығы – туған жеріне және өз ісіне адал еңбек адамдары. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында сала қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының сүтті мал шаруашылығын дамытудағы тәжірибесіне жоғары баға берді. Осы тәжірибені кеңінен тарату аясында елімізде жылына жалпы қуаты 462 мың тонна сүт өндіруге есептелген 71 сүт-тауар фермасының жобасы іске асырылды.
Бұл жетістіктер – Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен адал еңбектеріңіздің нәтижесі. Солтүстік Қазақстанның дамуына қосқан елеулі үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін. Көп жылғы қажырлы еңбегімен саланың өркендеуіне үлес қосып, еңбек дәстүрлерін сақтап, мол тәжірибесін жас ұрпаққа үйретіп келе жатқан ардагерлерге ерекше ризашылығымды жеткіземін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! — деп жазды СҚО әкімі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *