Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Имантау-Шалқар аймағында екі модульдік бекет ашылды

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Имантау-Шалқар курорттық аймағында туристік полицияның заманауи екі модульдік бекеті пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына жергілікті тұрғындар, облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлишев, облыстық полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров және аудан әкімі Мейрам Меңдібаев қатысты.

8

Шалқар мен Имантау көлдері жыл сайын ондаған мың туристі қабылдайды. Соның үшін бұл аумақтағы жол қозғалысы жыл бойы дерлік қарқынды. Бұған дейін ауыл тұрғындары мен демалушылардың қауіпсіздігін негізінен учаскелік полиция инспекторы қамтамасыз етсе, енді бұл жұмыс туристік полиция қызметкерлерінің күшімен нығайтылды. Жергілікті биліктің қолдауымен полицейлерге қызмет атқаруға және азаматтарды қабылдауға қолайлы жағдай жасалды.

– Мұндай жобалар мемлекетіміздің өңірімізде өмір сүруге, еңбек етуге және қауіпсіз демалуға қолайлы жағдай жасауға ұмтылысын нақты көрсетеді. Туристік полиция – қызметкерлерден жоғары біліктілікті талап ететін заманауи жұмыс форматы. Өз кезегінде жергілікті билік құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын жүйелі түрде нығайтып келеді. Тек биылдың өзінде оны жаңғыртуға 4,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, – деді Руслан Әлішев.

Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, Шалқар көлінің жағалауында 23 демалыс орны жұмыс істейді. Бұған дейін полицейлер оларға аудан орталығынан 33 шақырым жол жүріп, 20-35 минутта жететін. Жаңа модульдік бекеттер Айыртау ауылының учаскелік полиция пунктінен 9 шақырым, Лобаново ауылының учаскелік полиция пунктінен 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл шақырту орнына жету уақытын үш есе қысқартып, 5-10 минутқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде қылмыстарды «ізін суытпай» ашу және жол қозғалысын бақылау тиімділігі артады.

Жылыту жүйесімен жабдықталған модульдерде азаматтарды қабылдауға арналған кабинет, шағын асүй мен жатын бөлме, душы бар санитарлық торап қарастырылған. Сондай-ақ мониторлар арқылы сыртқы бейнебақылау камераларынан түсетін кескіндер көрсетіледі. Ғимараттардың жанынан гараж және турник орнатылған воркаут алаңы да салынған.

Салтанатты ашылу барысында тәртіп сақшыларына жаңа қызметтік автокөліктердің, квадроциклдердің және жылжымалы полиция пункттерінің кілттері табысталды. Облыстық полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров ІІМ-нің қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту жөніндегі тапсырмасы нақты істер арқылы жүзеге асып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, модульдік бекеттердің іске қосылуы көрікті курорттық өлкенің тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жаңа кезеңге жол ашады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *