Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда су тарифі өзгереді

Петропавлда келер жылдан бастап асу тарифі — 38%, ал кәріз қызметі 12% қымбаттауы мүмкін. Облыс орталығын сумен қамтып отырған «Қызылжар су» ЖШС-нің бұл ұсынысы өңір кәсіпкерлерінің басқосуында талқыланды.

2027–2031 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның жалпы құны 16,4 млрд теңгеден асады. Оған алты жоба енген, оның аясында ұзындығы 23,6 шақырым су құбырын және 6,6 шақырым кәріз желісін жаңарту жоспарланған.

— «Қызылжар су» ЖШС-нің 2027–2031 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасына қажет соманың 3 млрд 325 млн теңгесі кәсіпорынның өз қаражаты болса, 13 млрд 151 млн теңгесі несие есебінен қаржыландырылмақ. Жоспарланған жобаларды жүзеге асыру тарифтердің өсуіне әсер етеді. 2027 жылы судың 1 текше метріне арналған орташа тариф ҚҚС-сыз 418,521 теңге, ал су бұру қызметі 299,91 теңге болады деп болжанып отыр. Қолданыстағы тарифпен салыстырғанда ауызсу бағасы — 38%, ал кәріз қызметі 12% өсуі мүмкін, — дейді Елена Петрова.

Ұсынылған тарифке сәйкес, тұрғындар үшін ауызсудың бір текше метрі 101 теңгеден 139 теңгеге, ал заңды тұлғалар үшін 591 теңгеден 816 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Жеке тұлғалар үшін ауызсудың тарифін 101 теңгеден 139 теңгеге дейін көтеру ұсынылған. Ал заңды тұлғалар, яғни кәсіпорындар мен бизнес өкілдері үшін баға 591 теңгеден 816 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Кәсіпкерлер тарифтердің арасындағы үлкен айырмашылыққа және өндіріс шығындарының көбеюіне қарсылық білдірді.

Өңірлік кеңес төрағасы Сергей Домаевтың айтуынша, су тұтынудың шамамен 70% жеке сектордың үлесіне тиесілі. Жаз мезгілінде бақшаларды суару салдарынан кейбір өндіріс орындарына су жетпей қалатын жағдайлар да кездеседі.

Қазіргі уақытта «Қызылжар су» ЖШС-нің тарифті өзгерту туралы өтінімі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде қаралып жатыр. 8 қазанда жария тыңдаулар өткізілген.

Кәсіпорын өкілдерінің мәліметінше, тарифті бекіту туралы түпкілікті бұйрық қараша айының соңына дейін шығуы мүмкін. Әзірге жаңа тарифтің нақты мөлшері белгісіз.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *