Петропавлдық сыра ішіп жүргізуші куәлігінен айырылды
Екі банка сыра Петропавл тұрғынына жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
«Түнгі қала» жедел алдын алу іс-шарасы барысында, түн ортасынан кейін полиция қызметкерлері Петропавл қаласындағы Н.Назарбаев көшесінде «ВАЗ-21070» автокөлігін тоқтатты. Патрульдеушілердің назарын жүргізушінің мінез-құлқы аударды: тәртіп сақшылары жақындаған кезде ол жылдамдық ала бастады.
Рульде Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының бірінің 23 жасар тұрғыны болған. Мас болу белгілері: алкогольдің иісі және көздің қызаруы. Полицейлердің сұрағына ол екі банка сыра ішкенін түсіндірді. Медициналық куәландыру алкогольдік мас күйін растады.
Автокөлік арнайы тұраққа орналастырылды. Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, жас жігіт 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Мас күйiнде автомобиль жүргiзу — заңды өрескел бұзу және айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қатер төндiру. Мұндай фактілерді анықтау және жолын кесу «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде полиция жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

