Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
40°C
15:56:37Пятница

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл атауы әзірге өзгертілмейді

Астанада Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында журналистер облыс әкіміне Петропавл қаласының атауы туралы да сұрақ жолдады. Өңір басшысы бұл түйіткілді мәселе емес екендігін айтып, күнтізбеде осы сұрақ жоқ деп жауап қайырды.  

— Қазір Петропавл қаласының атауын өзгерту күн тәртібінде тұрған жоқ. Қала тұрғындары бұл мәселені көтермейді, себебі оларға абаттандыру, дамыту маңыздырақ. Мысалы облыс орталығында 400 шақырым жолдың 40 пайызында асфальт жабыны жоқ, мұны тұрғындардың өзі айтып жүр. Спорт алаңдарын жасау керек. Сондықтан, қала атауын өзгерту тақырыбы бүгінгі күні көтеріліп отырған жоқ, — деді Ғауез Нұрмұхамбетов Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *