Жарияланған күні: 01.09.2025
Береке шағынауданында жаңа жайлы мектеп ашылды
Петропавл қаласының Береке шағынауданында 600 орындық жаңа мектеп ашылды. Білім ордасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру үшін қолайлы инфрақұрылым қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.


Жаңа мектеп заманауи талаптарға толық сай: STEM-зертханалар, робототехника, хореография кабинеттері, коворкинг аймақтары және спорт залдарымен жабдықталған. Оқу үдерісінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтері қолданылады.

