Соңғы үш күннің ішінде облыста полицейлердің қатысуымен екі жол апаты тіркелді. Біреуінде 2 бірдей жол сақшысы қайтыс болса, бүгін Айыртау ауданында қос шенді қызметкер жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
СҚО ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Айыртау ауданында тіркелді. «Көкшетау-Рузаевка» бағытындағы республикалық тас жолда «HYUDAI ELANTRA» қызметтік көлігі таңғы сағат алты шамасында аударылған. Көлік ішінде екі полиция капитаны болған.
1980 жылы туған инспектордың жағдай қанағаттанарлық болғас ын, дәрігерлер амбулаторлы түрде ем қабылдауға жіберді. Ал рөлде отырған полиция капитанының жарақаты ауыр.Алдын-ала ақпарат бойынша жүргізуші бұрылыста рөлге ие бола алмай қалған.