Әлем чемпионына көлік табысталды
Бокстан әлем чемпионы Наталья Богдановаға құрмет көрсетілді. Жерлесімізге су жаңа көлік табысталып, оның бапкеріне 3 мың теңгенің ақшалай сертификаты берілді.

Салтанатты шара «Береке» шағынауданындағы спорт кешенінде өтті. Жиынға қатысқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлем чемпионы атанған Наталья Богдановаға алғысын білдіріп, жерлесіміздің жеткен жетістігін жоғары бағалады.

— Натальяның таланты, табандылығы мен жанкешті еңбегі, сондай-ақ оның жаттықтырушысы Дастан Кабденовтың кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығының нәтижесінде, еліміздің көк байрағы тағы да халықаралық аренада биікке көтерілді. Бұл жеңіс — жас спортшылар үшін үлкен үлгі әрі өңірімізде бұқаралық спортты дамытуға жаңа серпін беретін қозғаушы күш. Натальяның отбасы мен жақындарына шын жүректен алғыс айтамын! Бұл – үлкен жолдың бастауы ғана. Алда Наталья мен Дастанды әлі талай асулар күтіп тұр. Сәттілік тілеймін!- деді өңір басшысы.

