Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Шекараны өтпек болған Марокко елінің азаматтары ұсталды

Марокко Корольдігінің екі азаматы Солтүстік Қазақстан облысы арқылы заңсыз Ресейге жұмысқа орналасу үшін өтпек болған. 

СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, екі жігіт бірнеше күн бойы жаяу жүріп, жолда кездескен адамнан шекараны қай жерден кесіп өткен ыңғайлы екенін сұраған. Араб тілінде сөйлескен олар ұялы телефондағы аудармашы арқылы түсініскен. Ауыл тұрғыны бірден көші-қон қызметіне хабарлаған.

Полицейлер және шекара қызметінің әскери қызметшілері шетелдіктерді ұстап, мән-жайды анықтады. Тексеру барысында олардың Қазақстан заңын бұған дейін де бұзғаны анықталды. Қыркүйек айының ортасында Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха аудандық сотының шешімімен мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін елден шығарылған. Оларға елден өз еркімен кету міндеттелген, алайда бұл талап орындалмаған. Бұл жолы полицейлер құқық бұзушыларды облыс орталығына жеткізіп, оларды күштеп елден шығарып жіберді.

Жалпы «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде СҚО-да көші-қон заңнамасын бұзудың 200-ге жуық дерегі анықталды. Оның ішінде 120 шетелдік Қазақстанда болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 9 адам шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған.

Полицейлер базарларды, құрылыс нысандарын, қосалқы шаруашылықтарды және шетел азаматтары болуы мүмкін басқа да орындарды тексеріп жатыр.

Сот орындаушыларының салық заңнамасын орындамау фактілері анықталды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *