Петропавлда қазанның 24-і күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Қазанның 24-і күні Петропавлда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Сауда-саттық Мағжан Жұмабаев көшесі бойында жүргізіліп, малға азық Жұмысшы кентіндегі арнайы сауда орнында ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеде Петропавлдан және өңірдің 13 ауданынан 110-нан астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтарына келесі өнім түрлері ұсынылады: ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем — 780 тонна, ет және шұжық өнімдері — 52 тонна, сүт және сүт өнімдері — 12,3 тонна.
Сонымен қатар, шарада 45 тонна ұн және макарон, 4,5 тонна бал және ауыл шаруашылық өнімдері, 110 мың дана жұмыртқа сөрелерге қойылады. Айта кету керек, жәрмеңкеде барлығы 110 мың тонна өнім саудаға шығарылады. Тауарлардың бағалары нарықтағыдан қарағанда 10-15 пайызға төмен.
Петропавлда «Тең мүмкіндіктер» атты фестиваль өтті

