ОСМС: Онкоскринингтер барлық тұрғындарға қолжетімді
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында онкологиялық скринингтерге Солтүстік Қазақстан облысында 313 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы директоры Айнагүл Давлетчинаның айтуынша, онкологиялық скринингтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енгізілген. Бұл жаңашылдық онкологиялық ауруларды ерте анықтауға оң әсер етпек.
— Өңірде МӘМС жүйесінде 91 038 мың адам сақтандырылмаған. Бүгінгі таңда онкоскрининг МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін қолжетімді, — дейді Айнагүл Давлетчина.
Жыл басынан облыста сүт безі обырына – 16 868 адам, жатыр мойны обырына – 12 436 адам, колоректальды обырға 23 577 адам тексерілді.
— 30 жастан асқан әйелдер жатыр мойны обырына онкоскринингтен өтуі керек, жиілігі 4 жылда 1 рет. Бүгінгі таңда осы жастағы әйелдердің 90% қамту мақсаты тұр.
Сүт безі обырына 40 жастан бастап тексеріледі. Оның жиілігі екі жылда бір рет. Биыл әйелдердің 80% қамтылмақ. Жасы 50-ден асқандарға қуық асты безінің қатерлі ісігіне онкоскрининг бар. Ерлердің 70 % қамту мақсаты тұр. Ер адамдар екі жылда бір рет тексерістен өтіп тұруы тиіс, — дейді филиал директоры.
Сонымен қатар, онкосринингтен онкологияға тұқым қуалайтын бейімділігі бар адамдар, созылмалы аурулары бар немесе жаман әдеттері — темекі шегетін, алкогольді шамадан тыс пайдаланатын адамдар ұлттық скринингтік бағдарламалар аясында өтуі керек.
— Енді 50-70 жас аралығындағы ер адамдарда ми қан айналымының жіті бұзылуын ерте анықтау скринингі көзделген. Бұл профилактикалық тексеру аурудың алғашқы белгілер пайда болғанға дейін анықтауға мүмкіндік береді. Адамның еш шағымы болмаса да бұл тексерулер қауіпті патологияларды ерте сатысында анықтауға және емдеуді уақытында бастауға көмектеседі, — дейді Айнагүл Давлетчина.
Петропавл көшелерін қардан тазартуға заманауи технологиялар пайдаланбақ

