Денсаулық сақтау мекемелеріне түскен шағымдар саны 17 пайызға төмендеді
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының ақпаратына сай, 1414 Бірыңғай байланыс орталығына, qoldau24/7 мобильдік қосымшасына, msqory.kz сайтына келіп түскен шағымдар саны азайды. Оң динамика жайында Қор филиалының басшысы мәлім етті.
– Биылғы жылдың 11 айында барлығы 273 шағым түсті, оның ішінде 69шағым негізі бар екені анықталды. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17% – ға төмен екен, яғни 329 шағымды құраған. Сондай-ақ, 2025 жылдың 11 айында 1414 Бірыңғай байланыс орталығына 683 қоңырау түсті. Оның ішінде 673 кеңес берілді, 82,5% МӘМС-ке аударымдар мен жарналарды төлеу тәртібіне қатысты, — дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» КЕАҚ СҚОФ директоры Айнагүл Давлетчина.
Бүгіндері медициналық мекемелерге түсетін шағымдарды азайту мақсатында ақпараттық-түсіндур жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ түйіткіл мәселелерді «мұнда және қазір» қағидасы негізінде әр медициналық мекемеде пациенттерді қолдау орталықтары қызмет етіп келеді. Мұны Қор филиалының директоры да мәлім етті.

Айта кетерлік жайт, МӘМС-ке аударымдар мен жарналарды төлеу тәртібі бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту үшін 04.11.2025 ж. облыс әкімінің орынбасары бекіткен медиа-жоспар белгіленді. Оған сәйкес, МӘМС туралы материалдарды БАҚ-та жариялау бойынша жұмыс жүргізу де басталып кетті.

