Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Мобильді аударымдар тексеріліп жатыр

Салық комитетіндегілер ревизияға шындап кірісті. Қазір қаңтар, ақпан және наурыз айының аударымдары бойынша банк есеп өткізіп жатыр. Бұл процесс 15 сәуірге дейін жалғасады.

Азаматтардың шотына түскен әрбір теңге туралы мәліметті банктер салық органына жолдап жатыр. Кірістер комитеті жыл басынан бері кәсіпті заңдастырып, салық есебін тапсыруға үндеп келген. Ережеге сәйкес, жалпы сомасы 1 млн теңгеден асатын және 3 ай қатарынан 100-ден астам аударым қабылдаған азаматтар тексеруге алынады. Енді банктер берген мәліметтердің нәтижесінде ескертуді елемегендерге хабарлама жіберіледі. Бірақ бірден айыппұл салынбайды. 30 күннің ішінде қаржының қайдан келгенін түсіндіруіңіз керек. Қаражаттың бизнеске қатысы жоқ екені дәлелденсе, бақылаудан босатылады. Ал ескертуді елемегендер шотына түскен қаржының 10 пайызын салық ретінде төлеуге міндетті.

— Бизнесте тауарларды сату, қызмет көрсету кезінде ақысын алар кезде міндетті түрде бизнес шотқа аударылу керек. Жеке тұлғаның жеке шотын пайдалануға тыйым салынады. Сондықтан, бұл жерде жеке тұлғаның мобильді аударымын тексерудің негізгі мақсаты кәсіпкерлік мақсатта пайдаланатындарды анықтау, яғни, көптеген адамнан жүйелі түрде қабылдаса ол жерде кәсіпкерлік нышаны бар деген сөз, — деді ҚР ҚМ КК Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы.

Бұл бір реттік тексеру емес. Енді Кірістер комитеті әр 3 ай сайын азаматтардың банк шоттарына осындай ревизия жүргізіп отырады. Сондықтан ресми табысыңыздан бөлек ақша тауып жүрсеңіз, бәрін заңдастырып алыңыз. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, есеп-қисабыңызды ресми жариялауға дағдылаңыз. Әйтпесе, табысыңыз айыппұлға ұласып, еңбегіңіз еш кетуі мүмкін. Салықшылар 2024 пен 2025 жылдардағы аударымдарға да тексеру жасайды.

— Қазір әр салық органында кімде қанша аударым болғаны, яғни, кәсіпкерлік белгісі бар аударымдар туралы ақпарат бар. Бірақ олар ақпараттарды 2026 жылы жібере салмауы мүмкін. Себебі, салық кезеңі деген бар. Ол — 3 жыл. Яғни, 2025 жыл үшін маған хабарлама 2026,2027,2028 жылы келуі мүмкін. 2028 жылдың желтоқсанында 2025 жылдың хабарламасы келсе, ол таңқалатын нәрсе емес. Себебі салықтық тексеру үш жылдан тұрады, — деді Салық сарапшысы Балжан Бақытқалиқызы.

Қазірдің өзінде арнайы салық режиміне өтіп, кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар аз емес. Бірақ ревизия да өз нәтижесін беріп отыр. Мәселен, бүгін Үкіметтің берген есебінде жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимі бойынша 392 мың жеке тұлға тіркеліпті. Сөйтіп, қосымша құн салығын төлеушілер саны 10 мың субъектіге артқан.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *