Жарияланған күні: 20.04.2026
Наталья Бразилияда бақ сынайды
Бразилияда әуесқойлар арасында бокстан Әлем кубогының кезеңі бастау алады. Бұл додада әйелдер арасында ел намысын Наталья Богданова қорғайды.
Бокстан Әлем кубогы сәуірдің 20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында Қазақстан атынан ерлер құрамасынан тоғыз боксшы, ал әйелдер құрамасынан жеті боксшы жүлдеге таласады.
Дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар қатысады. Жарыста ел намысын қорғайтындардың арасында жерлесіміз Наталья Богданова бар.
Жерлесіміз алғашқы қарсыластары белгілі болды. Ол Бусеназ Сюрменели(Түркия) — Чиаро Сарайелло(Италия) жұбының жеңімпазымен бәсекеге түседі. Айта кету керек, алғаш аталған спортшы Токио Олимпиадасының чемпионы.

