Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО полицейлері ҰҚКД-мен бірлесіп 15 тоннадан астам заңсыз өндірілген Artemia salina жәндігін тәркіледі (Видео)

Artemia salina — Солтүстік Қазақстан облысының көлдері бай құнды табиғи ресурс. СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, СҚО Прокуратурасының үйлестіруімен Мамлют ауданында заңсыз шаян тәрізділерді өндіруді ұйымдастырған солтүстікқазақстандықтарды анықтады. Кәсіпорын аумағында және күдіктілердің бірінің жеке ауласында барлығы 15 тоннадан астам, оның ішінде 12 тоннадан астам қайта өңделген Artemia salina тәркіленді. Бұл заңсыз өндірді деген күдік бойынша ҚР-дағы ең ірі ұстау.

Сезіктілерді ұстауға «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері және арнайы жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың  қызметкерлері қатысты. Сондай — ақ күдіктілердің бірінен 7,62 калибрлі мылтық қаруына арналған 6 патрон, екіншісінен дыбыс азайтқышы бар тапаншаға арналған ойығы бар «ПМ» тапаншасы және оған арналған 4 патрон тәркіленді.

«Заңсыз өндіру фактісі «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» ҚР Қылмыстық кодексінің 335 — бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Барлық мән-жайларды жан-жақты және объективті зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Алдын ала болжам боайынша шамамен 150 миллион теңгеден астам шығын келген. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалды», — деді СҚО ПД бастығы полиция Айдын Қабдұлдинов.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *