Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да монша өртеніп, бір адам мерт болды

Қызылжар ауданына қарасты Кривоозерка ауылында монша өртенді. Оқыс оқиға кезінде бір адам мерт болды, деп хабарлайды тілшіміз.

Төтенше жағдай 11 қазанда 04-20-да болды. Өрт — 25 шаршы метр аумаққа жайылған. Құтқарушылар оқиға орнынан ер адамның денесін тапты. Ол 1975 жылы туған сол үйдің иесі екендігі белгілі болды.

Қызыл жалын  05-25-теа оқшауланды.

Оны ауыздықтауға  жеке құрамнаң 10 адам  және 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрттің себебі анықталуда.

Жыл басынан бері облыста 459 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 23 адам көз жұмды.

СҚО ТЖД-ның мәліметінше, өрт негізінен жеке тұрғын үй секторында орын алды. Тілсіз жауды алдын алу мақсатында құтқарушылар күн сайын рейдтік шаралар ұйымдастырып, оттың шығу себептері мен салдары жайлы ақпарат беретін жадынамаларды таратып жүр.

«Өткен демалыс күндері мамандарымыз 1200-ден астам үйдің иесімен тілдесті. Оларға қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Бүгінгі күні өңірде тіркелген өрт оқиғалары келтірген материалдық шығын көлемі 424 млн. теңгеден асты», — дейді СҚО ТЖБ бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *