Жарияланған күні: 16.10.2023
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Арслан Хусейн жаңа аурухананың құрылысы мәселелерін талқылады
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «YDA Group» түркиялық компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Арслан Хусейнмен кездесті, деп хабарлайды тілшіміз.
Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы серіктестік мәселелерін талқылады.
Орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп көпсалалы аурухана құрылысын жеделтету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
«Біздің облыс үшін бұл маңызды жоба. Жаңа аурухана заманауи қондырғылармен жабдықталып, дәрігерлер мен науқастарға қолайлы жағдай жасалмақ. Осылайша солтүстікқазақстандықтар жоғары сапалы медициналық қызметке қол жеткізеді», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.