Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО әкімі ауруханаларға барып, дәрігерлермен жүздесті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов көпсалалы облыстық аурухана және балалар ауруханасының жұмысын тексеріп, дәрігерлермен кездесті. Олардың арасында басқа өңірлерден келген мамандар аз емес, деп хабарлайды тілшіміз.

Биыл облыстық аурухана 29 дәрігермен толықты, ал балалар ауруханасы 11 маманды жұмысқа қабылдады.

«Жалпы облыс бойынша биыл медицина кадрларының тапшылығы 183-тен 134-ке дейін азайды. Оң динамика дәрігерлерге жағдай жасау мен көтерме ақыны 5 миллион теңгеге дейін өсірудің арқасында байқалуда. Біз облысымызға тар бейінді мамандарды тарту жұмысын жалғастырамыз», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.


Ауруханалар үшін негізгі көрсеткіш – дертті ерте кезеңде анықтау және науқастарды тиімді емдеу үшін озық қондырғылармен жабдықтау. Медициналық ғимараттардың жағдайына да назар аудару керек. Қазір облыста медициналық техникамен жабдықталуы — 65%, ал инфрақұрылымның тозуы — 77% құрап отыр. Бұл көрсеткіштерді жақсарту үшін биыл қондырғыларды алуға 5,2 млрд теңге, ал 27 нысанды күрделі жөндеуге 1,9 млрд теңге бөлінді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *