СҚО-да жол апаты болып, бір адам көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысында жол апаты болды. Қайғылы оқиға Мамлют ауданында болды, деп хабарлайды тілшіміз.
Audi мен МАЗ көліктері соқтығысып, жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапты. 53 жастағы азамат аудандық ауруханада көз жұмды.
ПД-ның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Мамлютка-Қостанай» республикалық маңызы бар автожолының 7 шақырымында болған.
МАЗ көлігін 33 жастағы ер адам тізгіндеген. Медициналық куәландыру оның спиртті ішімдік ішпегенін көрсетті. Көліктер арнайы тұраққа қойылды.
Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданбақ.