Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ДА ПРОКУРОРЛАР МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДА БІРҚАТАР ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

Солтүстік Қазақстандық прокурорлар мемлекеттік сатып алуда бірқатар заңбұзушылықты әшкереледі. Арнайы жүргізілген талдау барысында Қызылжар ауданының білім бөлімі жүргізген мемлекеттік сатып алу конкурсында кемшіліктер анықталған.

2023 жылғы шілдеде аудандық білім бөлімімен Соколовка орта мектебі ғимаратының шатыр жабындысына  ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін  міндетті болып табылатын техникалық сипаттамасыз жалпы  сомасы-  17,5 миллион теңге болатын сатып алу конкурсы жарияланған.

Сондайы-ақ балалар үшін ойын алаңын салу үшін  сатып алу жарияланды. Ал оның құны -1.4 миллион теңге.

Алайда техникалық  сипаттамаларда қауіпсіздікке сәйкестік сертификатының болуы көрсетілмеген.

Тек бұл іске Қызылжар ауданының прокуратурасы араласқаннан кейін ғана жоғарыда аталған сатып алулар тоқтатылды. Ал аудандық білім бөлімінің 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сәтін салса бұл мемлекеттік сатып алу конкурстары енді  қайтадан жарияланатын болады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *