Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да Азиада жеңімпаздарына ақшалай сыйлық табысталды

Солтүстік Қазақстан облысында Азиада ойындарында жақсы нәтиже көрсеткендерге ақшалай сыйлық табысталды, деп хабарлайды тілшіміз.

Қытайда өткен Азия ойындарына өңірде 7 спортшы қатысты. Оның үшеуі ел қоржынын алтын, күміс және 2 қола медальмен толтырды. Бүгін жүлдегерлерді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.

Байрақты жарыста велошабандоз Алексей Луценко алтын және күміс жүлде алса, велотрекші Артем Захаров және боксшы Наталья Богданова қола медальді иеленді.

«Облыстан барған жеті спортшы жақсы нәтиже көрсете білді. Жалпы біздің облыс велоспорттан көш бастап тұрған өңірлердің бір». Оның бірден-бір дәлелі — Александр Винокуров пен оның жолын қуған Алексей Луценко. Азия ойындарында жақсы өнер көрсеткен спортшыларымызға Парижде өтетін олимпиадада үздік болуларына тілектеспін», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Өңір басшысы спортшылар мен олардың бапкерлерін құттықтап, алғыс хат пен ақшалай сыйақы берді. Ел қоржынына бесінші алтын медальді салған Алексей Луценко 1,5 млн теңгенің сертификатын, қола жүлдеге ие болған Артем Захаров пен Наталья Богданова 750 мың теңге сыйақы алды.

«Мәреге соңғы шақырымдар қалғанда Евгений Федоровқа жол беруді шештім. Себебі, ол әлі жас. Әрі өте мықты спортшы. Былтыр жастар арасында өткен Әлем чемпионатында жеңіске жетті. Екеуміз бірге жаттығамыз. Дайындық барысында жеңіске деген құлшынысын көрдім. Алтын жүлдеге әбден лайық. Сол себепті оған жол беріп, мәре сызығынан екінші болып өтуді шештім», — дейді Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Алексей Луценко.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *