Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Солтүстікқазақстандық жол сақшылары төрт күнде 17 мас жүргізушіні ұстады

Өңірдің жол сақшылары  төрт күнде 17 мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды тілшіміз.

Солтүстік Қазақстан облысында 9 айда мас жүргізушілердің кінәсінен 18 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 5 адам мерттауып, 25 азамат  түрлі дене жарақатын алды. Көбіне алкогольдің кесірінен жүргізушілер көлік тізгініне ие бола алмай, көліктерін аударып жатады. Мұндай фактілерді болдырмау үшін полицейлер жүргізушілердің тәртібін арттыруға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды үнемі жүргізіп тұрады.

Жыл басынан облыста «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы 10 рет өткізілді. Тәртіп сақшылары 26-29 қазан аралығында жолдарда күшейтілген тексерулер жүргізді. Нәтижесінде 4 күнде 17 мас жүргізуші ұсталды.

«Олардың барлығы әкімшілік қамауға алынып, 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге көлік басқару құқығынан айырылады. Алкогольдік масаң күйде көлік басқару жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіпті. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұл құқық бұзушылықпен күрес қатаң түрде қолға алыңған», – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол жүрісі қағидаларының 1293 өрескел бұзылушылығы анықталды. Олардың ішінде жылдамдықты арттырудың – 75, жолдың қарсы бөлігіне шығудың – 2,  жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеуінің -22 дерегі анықталды. Сондай-ақ көлікті басқару кезінде телефонмен сөйлескен – 99 және қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбаған -145 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *