Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Бүгін аудандар мен қалалардың 45 әкімі сайланады

Бүгін, 5 қарашада серпінді режимде 42 аудан мен облыстық маңызы бар үш қала әкімдерін сайлау басталды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша сайлау Абай облысының Курчатов, Ақмола облысының Ақкөл, Астрахан, Есіл, Жақсы, Шортанды аудандарында; Ақтөбе облысының Ырғыз, Қобда, Ойыл аудандарында; Алматы облысының Балқаш, Жамбыл аудандарында; Атырау облысының Исатай, Қызылқоға аудандарында; Шығыс Қазақстан облысының Алтай және Глубокое аудандарында; Жамбыл облысының Жуалы, Тұрар Рысқұлов аудандарында; Жетісу облысының Кербұлақ және Сарқан аудандарында; Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы, Қаратөбе, Тасқала аудандарында; Қарағанды облысының Ақтоғай, Осакаров аудандарында; Қостанай облысының Рудный қаласында, Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федоров аудандарында; Қызылорда облысының Сырдария және Шиелі аудандарында; Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында, Павлодар облысының Ақтоғай, Железин, Шарбақты аудандарында; Солтүстік Қазақстан облысының Есіл, Мамлют Тимирязев аудандарында; Түркістан облысының Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандарында, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында сайлау өтеді.

Облыстық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде барлық 1491 аудандық және қалалық сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.

Ең ірі 305 сайлау учаскесінде (1000-нан астам сайлаушы) ЦДИАӨМ және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен бірлесіп, сайлаушылар тізіміне кірмеген, бірақ сайлау учаскесінің аумағында тұратын мекенжай мәліметтерін тексеру үшін сервис ұйымдастырылды.

Жамбыл және Түркістан облыстарының 3 сайлау учаскесінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң шеңберінде аумақтық сайлау комиссияларының қабылданған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 06.00-де басталды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының сайлау учаскелері Астана уақыты бойынша сағат 08.00-де ашылды.

Сайлаушылар тізіміне 1 062 327 азамат енгізілді.

4 қараша сағат 18.00-де жалпы, учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру құқығына 143 есептен шығару куәлігін берді.

Дауыс беру сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайда өткізіледі.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *